Temmuz 31, 2012
 
 
 
 
 
 

Елбасы Үкіметіне 20 тапсырма берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария еткен болатын.

 

 

Мемлекет басшысы: «Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін ескеруіміз қажет. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері азаматтар бел-сенділігінің күшеюімен, олардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адамдардың өзінің құқықтары мен бостандықтарын белсенді қорғауға деген ұмтылыстары кеңейіп, қоғамның өзін өзі ұйымдастыру дәрежесі жоға-рылайтын болады. Тек осындай жағдайда ға-на Қазақстан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады» деп бастады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев. Жалпы айтқанда, Елбасы Үкіметке 20 тапсырма берді. Олардың ішінде Қазақстандағы ең негізгі проблемалардың бірі білім, денсаулық сақтау, Қазақстанды дамытудың әлеуметтік – экономикалық сатылары, құқықтық жауапкершілікті арттыру, әлеуметтік заңнамаларды жаңарту, мем-лекеттік органдардың жұмысын жетілдіру секілді мәселелер айтылды. Сонымен қатар Елбасы Үкімет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2012 жылдың соңына дейін бесінші шақырылған Парламенттің бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығармашылық жұмысының терең де жан-жақ-ты қарастырылған Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеуін тапсырды. Ал жұмыспен қамту саласын дамытудың ең негізгі тетіктеріне де тоқталған Мемлекет басшысы: «Тәуелсіздіктің екі онжылдығы ішінде жұмыспен қамту саласы аса зор өзгерістерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсіп, 8,4 миллион адамға жетті» деп қорытты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннның дамуына қатысты түрлі жобалардың орындалуын министрліктерге тапсырды. 

 
Yorum yaz / share.thought
Ақпарат  Diğer Başlıklar
Қазақ баласын шыбығында жат тілмен сындырмайық, министр мырза!
Туған күнің құтты болсын, АСТАНА!
Мемлекет басшысы индустрияландырудағы кемшіліктерді жоюға тапсырма берді
“Иномарка” мінушілерге қатысты Президент талабы
Павлодар тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталмақ
Елбасы Екібастұз МАЭС-нің №8-ші энергоблогын іске қосты
Астанада жасалған аса күрделі ота
«Азиада» ақшасын жымқырған кімдер?
Бөкендер неден қырылып жатыр?
Қатыгездер заңды жазасын алды
«Дарабоз» халықаралық бәйгесі мәреге жетті
Айтматов конгресі
Қазіргі қазақ
Жемқорлықпен күрес бір сәтке де тоқтамайды
Құралайды жылатқан сынған аяғы емес тапталған намысы
Ұлттық телеарна қазаққа бұйырмаған
Жаңа кәсіпорынның іргетасы қаланбақ
Аманбектің іздегені ақша емес, ақиқат
Жамбылдың полицейлері қайда қарап отырады?
Атырауда баспанасыз жетімдер болмайды
Біздің әулетте де аштан өлгендер көп
Ашкөздік пен алаяқтықтың алды — ор
Елбасы қатаң тәртіп керектігін қадап айтты
Саяси тұтқындардың сүйегі шашылып жатыр
Yazarlar