Ekim 05, 2011
Әлеумет

Қара шаңыраққа жарты ғасыр

Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен  аталмыш институттың құрылғанына, оған халқымыздың ғұлама жазушысының есімі берілгеніне 50 жыл толуына орай «Қазіргі кездегі фольклортану, әдебиеттану және өнертанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

 


Etkileşim Kutusu
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

М.О.Әуезов  атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасов:  «М.Әуезов атындағы инс-титутымыз 50 жылда өзінің жеткен табыстарын, жасаған жұмыстарын осы мерейтойда көрсетті. Біз көптеген кітаптар шығардық. Біздің институт тарихын екі үлкен дәуірге бөлуге болады. Біреуі — Кеңестік кезең, екіншісі — тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең.Кеңестік дәуірде де көп жұмыс жасалды. Үш томдық батырлар, үш томдық айтыс,шешендік сөздер, мақал-мәтелдер жарық көрді. Үш томдық «Қазақ әдебиеті тарихы» қазақша, орысша шықты. Ол кездері көп жұмыс жасалды. Бірақ ол кезеңнің кемшілігі — бәрі біржақты болды.  Цензура жібермейтін. Талай қиындықтар болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қаржылық  жағынан  қиындықтар туды, соның салдарынан көптеген дарынды ғалымдар сыртқа кетіп қалды. Дегенмен, 20 жылда 200-ден астам кітап шығардық. Оның ішінде  100 томдық бабалар сөзінің 70 томы, 10 томдық «Әдебиет тарихы»,3 томдық «Өнер тарихы», 8 томдық «Қазақ музыка антологиясы», 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» т.б. шығып жатыр», — деді. 

Бұл басқосуда еліміздің бетке ұстар зиялы қауымы және  Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Түркия, Корея, Өзбекстан т.б. елдерден ғалымдар қатысып, қазақ әдебиеті мен фольклорын, өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемені мерейтойымен құттықтап, әдебиеттану мен өнертанудың өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, М.О. Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымының тұсаукесері  өтіп, ұлы жазушының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.  

29.09.2011

Мира Майшығұлова
 Diğer Başlıklar
“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
Орал өңірі газдандырудан алда
«Менің неге депутат болғым келеді?»
Солтүстік астығы жүрегімді қуанышқа бөлeді
Айтылған сөз — атылған оқ
Үш білім ошағының бәрі де қазақ тілінде ашылды
Қазақ тілінің мәртебесін асырған операторлар
Қуырдақтың көкесі әлі алда
Шығыс күндері Астананы дүр сілкіндірді
Басқармалар жемқорлықтан алда тұр
Билік мықты ма, Мағбат мықты ма?
Қытаймен тауар айналым 40 миллиард

Ең көп оқылытын хабарлар

“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
350 мың кәрі қыз тағдыры мемлекетімізді де қатты алаңдатуы тиіс
Орал өңірі газдандырудан алда
Иә, шынында да, Алланы алдай алмаймыз
Экономикалық кеңістік кіріптарлыққа түсірмей ме?
«Мемлекеттік тіл — менің тілім»
«Менің неге депутат болғым келеді?»
Жан қалауым жарып шығып, өнерге оралдым
Қандай зайырлылықты ұстанатын болдық?
Инвестиция құюға қолайлы өңір



Copyright© KAZAKİSTAN ZAMAN
www.kazakzaman.kz