Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 

Патша оқыған жаназа

Осман падишахы IV Мұраттың қарапайым адамдарша киініп алып, ел аралайтын дәстүрі бар еді. Бір күні қатарынан бірнеше рет түсіне Пайғамбарымыз (с.а.у.) кіріп, аян бергеннен кейін, қасына уәзірін ертіп, екеуі кезбе адамдарша киініп алып, ел аралауға шығады. Бір ауылға келгенде қайтыс болған бір адамның жаназасын жұрттың оқымай жатқанын көреді.

 

IV Мұрат көпшіліктен мәселенің мән-жайын сұрайды.

— Бұл мұсылманның жаназасын неге оқымайсыздар?

— Бұл кісі көзі тірісінде күндіз-түні шарап ішетін.

— Одан қалса, жезөкшелерге үйір болып, зина жасайтын.

— Құдайға құлшылық та жасамайтын.

Қайтыс болған кісіге қатысты жұрттан осындай сөз естігеннен кейін, марқұмның әйелін іздеп үйіне келеді. Одан да ері туралы сұрайды.

— Көпшілік қауым сіздің еріңізді күндіз-түні шарап ішетін. Қалтасына ақша түссе, жезөкшелерді жағалайтын. Тіпті, намазын да оқымайтын еді дейді. Осы рас па?

— Жоқ, менің күйеуім шарап та ішпейтін, зина да жасамайтын, намазын да қаза қылған емес. Күні бойы қара терге малшынып адал жұмыс істейтін. Тапқан ақшасына шарап сатып алушы еді. Пайғамбарымыздың үмбеті ішпесін деп, шарапты әжетханаға әкеліп төгетін. Жезөкшелердің ақшасын төлеп, үйге ертіп әкеліп: «Мынаған Алла туралы түсіндір!» — деп маған тапсыратын. Ауылдың имамының артында тұрып намаз оқымайтын. «Мен намаз оқығанда Қағбаны көре алатын имамға ғана ұйимын», — деп, көрші ауылға барып намаз қылушы еді. Жағым жар, тілім кез болып қаншама рет айтсам да, мені тыңдамаушы еді. Енді міне, жұрт жаназасын да оқымай отыр, — деп әйелі қайғыдан қан жұтады.

Болған жайды естіп, IV Мұрат пен уәзірі ағыл-тегіл жылап тұрып, марқұмды арулап, жаназасын шығарады.

Марқұмның әйелі тосыннан пайда болған екі адамның кім екендерін сұрайды.

— Мен Осман елінің падишаһы IV Мұратпын. Қасыма ерткен серігім өзімнің уәзірім, — деп жауап береді.

Естігеніне сенерін-сенбесін білмей, таңырқаған әйел:

— Қайран ерім-ай, не деген әулие едің! Көзінің тірісінде «Сенің бұл тірлігіңді ешкім түсінбейді. Ертең, өлгенде жұрт жаназаңды да шығармай қояды», — деп зарлағанымда, «Менің не істеп жатқанымды Алла көріп тұр. Ал, жаназаға келетін болсақ, Осман патшасы менің жаназамды оқымағанда не істейді? Әлі-ақ көрерсің, менің жаназамды соның өзі келіп оқиды», — деуші еді. Айтқаны айнымай келіп тұр, — дейді.

IV Мұрат та өзінің елінен осындай тақуа адамның шыққанына шексіз разы болып:

— Иә, сіздің еріңіз шынында да әулие болатын. Қатарынан үш күн Пайғамбарымыз (с.а.у.) түсіме кіріп: “Ей, падишаһ! Пәлен деген ауылда менің дін бауырым қайтыс болды. Сен соның барып жаназасын шығар!” — деп аян берді. Мен де өзімнің міндетімді атқару үшін осында келдім, — деп жауап қатады.

 
Yorum yaz / share.thought
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар