Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 

Зер қадірін зергер білер...

Бірде атақты сопы Зуннун Мысридің ханакасына бір дәруіш бас сұғады. Ол Зуннун Мысридің уағыз-насихатын ерекше ынта-ықылас қойып тыңдайды. Бір сәтте болса назарын басқа жаққа аудармайды.

 

Жанары шоқтай жанып, тыңдаған үстіне тыңдай түсейін деген ниет танытады. Тіпті, жүрегі елжірегені соншалықты — жанарынан жас парлап отырады. Зуннун Мысридің өзге шәкірттері дәруіштің бұл ерекше ықыласына тәнті болады.

Дәруіш жоқ кезде шәкірттері ұстазынан бұның сырын сұрайды. Сонда Зуннун Мысри қолындағы жүзігін шәкірттеріне көрсетіп: «Мына сақинаны қаншаға бағалайсыңдар?» — деп сұрайды.

Шәкірттері: «Он динарға бағалаймыз»,— дейді.

Зуннун Мысри: «Енді осы сақинаны зергерге апарып көрсетіңдер, ол қаншаға бағалайды екен?» — дейді.

Шәкірттері сақинаны алып, зергерге барады. Зергер сақинаның зерін қарап болып: «Бұл сақинаны мен жүз динарға да бермес едім» — дейді. Зергердің асыра бағалағанын түсіне қоймаған шәкірттер ұстазына қайтып оралып, болған жайды баяндайды.

Сонда Зуннун Мысри: «Бұл сақинаның бағасы, шынында да, жүз динар. Сендер сақинаның құрамы мен зерін танып білмегендіктен, бұл бұйымды арзанға бағаладыңдар. Ал, зергер сақинаның қандай еңбекпен жасалатынын білгендіктен, бұйымды жүз динарға бағалады. Сол секілді әлгі дәруіш те хақиқат сырын ұға алар зейінді болғандықтан, хақты дәріптеген уағыз-насихатты ұйып тыңдай білді. Зергерде қайтсем көздің жауын алатын бұйым жасаймын деген ойдың болатыны секілді, жүрегі хаққа байланған мүмінді «хақ сырларына қалай қанықсам екен» деген дерт мазалайды. Сондықтан, хақты аңсаушылар үшін хақиқат сырларынан асқан ештеңе жоқ. Ал, сендер сақинаны бағалай алмағандарың секілді, хақиқат сырларын тиісінше бағалай алмай жүрсіңдер. Иә, «зер қадірін зергер біледі» деп, шәкірттерін зейінді болуға үндеген екен.

 
Yorum yaz / share.thought
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар