Mart 09, 2015
 
 
 
 
 
 

Кәсіпкер болу оңай ма?

Елбасы Жолдауында «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау — ұлттық экономиканың бастапқы қуаты» деп атап көрсетілді.

 

 

 

Облыс аумағында шағын және орта кәсіпкерлікте тіркелген субъектілер саны былтыр жылы он пайызға ұлғайды. Жалпы осы салада жұмыс істейтіндердің саны 117,4 мыңға жетіп, экономикалық белсенді тұрғындар санының төрттен бірінен астамын құрады. 

Егер кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемін байыптайтын болсақ, оның мөлшері 380,7 млрд.теңгеге жетті. 

Облыста кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде барлық қаржыландыру көздерінен 48,5 млрд.теңге мөлшерінде қаржы-несиелік қолдау жасалды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған өндірістерін жаңғыртуға және жаңа өндірістер ашуға, сервис кәсіпорындарын құруға, жобаларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізуге көмектесуде. Осы ретте 1,8 млрд.теңге көлемінде қаржы жұмсалды. 

Аталмыш бағдарлама бойынша 154 жоба бекітіліп, соның ішінде 116 қарыз алушыға жалпы сомасы 10,8 млрд.теңге несие берілді. Жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымдар құрылысына 1 млрд. теңгеге 22 жоба қаржыландырылды. 

Осындай шаралар облыста 2,4 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Ал бағдарлама қатысушылардан салық түсімдері мөлшері 3,2 млрд. теңгені құрады.

Ақтөбе аймағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда республикада көшбасшылардың бірі болып есептеледі.

Кәсіпкерлерді қолдаудың бір тармағы — жас кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» курстары жұмысы. Мұнда біліктілік дәрістерінде 794 кәсіпкер оқыды. 

Биылға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына 1,5 млрд. теңге қарастырылды. Оларды толық және тиімді игеру маңызды.

Жаңа басталған жылда кәсіпкерлік субьектілері санын ұлғайту көзделуде. Соған байланысты осы салада жұмыс істеушілер құрамы көбейтілмекші. Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелеріне қоғамдық бірлестіктердің қатысуы жандандырылады. 

Тағы бір жаңалық — Ақтөбе қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құрылады.

* * *

Қазақ туған айдың тураған етпен тең екендігін айтады. Жыл да солай. Әр жылдың басталуы көңілге көп үміт әкеледі. Биылғы жылы Ақтөбе өңірінде көп шаруа атқарылу көзделіп отыр. Оның бірсыпырасына біз тоқталып өтті. 

Ең бастысы — алдыңғы жылдардан қалыптасқан жақсы із бар. 

 

 
Yorum yaz / share.thought
Экономика  Diğer Başlıklar
БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЫРЫҚҚА КӨНЕ МЕ?
Үнемдеу қысқартудан емес, талан-таражды тоқтатудан басталса ...
Кәсіп ашуға ниеті жастар көп
Елбасы «Шүу-у!» десе, алпауыттар аранын аша түспей ме?
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тарифінің шегі бар ма?
«Ерікті кәсіптік зейнетақы жүйесін мәжбүрлі түрге өзгерту керек»
Одаққа кіруден қорықпайық, бірақ кейбір түйткілді мәселелер оң шешілуі тиіс
Жанар-жағармай неге қымбаттайды?
Жантәсілім немесе Брокер мен дилерлерге Г.Марченко неге қиянат жасады?
Жаңа реформа зейнетақы тағдырын шеше ала ма?
«Аспандаған қымбатшылық қарашаның қаһарын туғызады»,— деп назаланған депутат пікіріндегі ащы шындық
Ораз Жандосов: «Қазаншының өз еркі,қайдан құлақ шығарса»
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар