Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 

«Асыл арнаға» үш тілек

М.Тазабек бауырым, тақауда өзің басқарып отырған «Асыл арна» ұжымының атынан ауызашар өткізіп, қазақ баспасөзінің өкілдеріне дастарқаныңнан дəм татқыздың. Сол кештегі ақжарма пейіліңе һəм қазақи бояуы қанық əдемі əңгімелерің үшін Алла разы болсын! Ауызашарда арнайы алғыс айтуға үлкендерден сөз босамады. Содан көмейіме келген тілекті іркіп қалуға мəжбүр болдым. Өзіңе баспасөз арқылы бар сырым, базынамды айтып отырмын.

 

Мұха, уағында небір аламан айтыстарда ұлт мүддесін жаныңды салып қорғап, тілің кез, жағың жар болғаны әлі есімізде.

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда тауқымет тартып отырған дүйім жұрт сенің айтыстағы төкпе жырларыңнан қуат алушы еді. Аузы дуалы ақсақалдар айтуға тиіс елдің базынасын биліктің қаһарынан ықпастан тура айтып са-латынсың. Түйдек-түйдек жырларың еңсемізді түзеп, ұнжырғамызды көте-ріп, көңілімізді бір серпілтіп тастаушы еді. Ұлт мүддесі талқыға түскен қандай бір нәубет болмасын, халық сені не айтар екен деп елеңдейтін. Себебі, сен қынабынан суырылып шыққан алмас қылыштай жарқ етіп, елдің ішіндегі қыжылын сыртқа шығаратынсың. Алдыңғы толқын ағалар қазақтың жоғын жоқтаған өзіңдей марқасқа ұлды маңдайымызға жазғанына Тәңірге мың да бір шүкіршілік ететін. Кейінгі жас буын да қылыштың жүзіндей өткір өзіңе қарап бой түзейтін. Жалпы, өкшеңді басып келе жатқан жас өскін зиялы болуды (қара бастан қалың бұқараның қамын жоғары қою) сенен үйренген еді.

Халық ойда-жоқта сені жоғалтып алды. Сөйтсек, имандылыққа бет бұрып, діни ілім алуға ден қойған екенсің. Әдепкіде сенің бұл қадамыңа қуандық. Cебебі, кеңестік дәуірдің салқыны болар, өнер адамдарымен, ақын-жазушылардың көпшілігі ішкіш, қыз-қырқынға жақын, сауықшыл болып келетін. Небір от ауыз, орақ тілді ағаларымыздың осындай пендешіліктерін

естігенде, шығармаларынан алған тәлім-тәрбиенің бәрі адыра қалушы еді. Сондықтан, дінге бет-бұрғаныңды естіп, шынымен ақжарыла қуандық. Алайда, елдің аузындағы алып-қашпа әңгімеге қарағанда сенің діни ұстанымың ата-бабамыз ұстанған жолдан өзгешелеу болып шықты. «Ойбай, айтыс харам екен!» деп домбыраңды шегеге ілгеніңді естідік.  Айтысты ғана емес, қазақтың іші-сырты даналыққа тұнған салт-дәстүрлерін де «харам», «бидғат», «ширк» айтқаның ел ішінде желдей есті. Халықтың хақ дінмен қауышуына себепші болған әулие-әнбиелерді теріске шығаратыныңды сырттай естіп қана қоймай, өз құлағымызбен де талай рет тыңдадық. Онымен қоймай, ел ішінен осы діни бағытты үгіттейтін жамағат құрыпты-мыс деген қауесет те тарады.

Осының бәрін естіп-біліп: «текті елдің ұлы «білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деп иба сақтаушы еді, «Мұхаңның дінге бет бұрғанның жөні осы екен деп, тым қатты кеткені несі?!» деп әбес қылығыңа жүрегіміз ауырып жүруші еді.

Жуықта, «Асыл арнадағы» «ширк» тақырыбына қатысты көрсетілімнен кейін өзіңмен жүздесудің сәті түсті. Рас, ә дегенде, әңгімеміз жараса қоймады. Себебі, сол көрсетілімдегі «Мұхаммед Расулуллаһ!» деп айту Құдайға серік қосқандық» деген пікір, діннен хабары бар кім-кімнің болса да көңіліне қаяу түсіретіні хақ. «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» дегені ме, мұнысы қалай?!» деп телернаны басқарып отырған саған күйіп-пістік.

Біз де пендеміз, сол ағат істеріңе ашуланғандықтан болар, алғашқыда бетің бар, жүзің бар демей, ауыр сөздер айттым. Артық айтсам Алла кешірсін!

Сол жолы қанша ашуға булыққа-ныммен, бұрынғыдай емес, райыңнан қайтып, қайта қазақы қалпыңа түс-кеніңді байқадым. «Мұның «тақия» (өз позициясын жасыра тұру) болып жүрмесін!» деп әңгіменің реті келгенде күмәнімді жасырып та қала алмадым. Ал, сен бәріне ұстамдылық танытып, бізді ауызашарға шақырдың. «Шақырылған жерден қалма!» деген қағиданы қаперге алып, біз де бұйырған дәмді ішіп-жеп, дастарқаныңнан ауыз аштық.

Ауызашарда О.Өмірбек, Н.Жүсіп, Ш.Пәтте, Қ.Иса, Т.Тәшен, А.Аляз секілді бүгінгі қазақ баспасөзінің майталмандары «Ораза қабыл болсын!» деп, көпшілікке өз ізгі тілектерін жаудырды. Қонақ кәдетілектің арасында өзің сөз алып «Асыл арнаның» бағыт-бағдары жө-нінде тұшымды ойларыңды ортаға салып, халықтың игілігі үшін қалтқысыз жұмыс жасауға ден қойғаныңды жеткіздің. Әсіресе, «Алланы ұлықтай отырып, ұлт мүдде-сін алдыңғы сапта ұстаймыз!» деген сөзің жүректі елжіретіп жіберді. «Бәсе, біз білетін Мұхамеджан осылай болуы керек еді ғой!» деп іштей қуанысып қалдық.

Ауызашар — әркім жарыса сөз сөйлейтін той емес. Десек те, сол кеште «Құдай-Тағала «Асыл арнаның» діни-ағартушылық қызметіне құт-береке әкелсін!» — деп ағымнан жарылып тілек айтпақшы болған едім. Бірақ, сәті түспеді. Енді, сол кеште көмейге іркілген тілегімді тарқатайын...

Біріншіден, «Асыл арна» шын мә-нінде халықтың сүйіп көретін телеарнасы

болса екен деп тілеймін... Әсілі, халқымыздың көңілінен шығу үшін әрбір мәселеге мұсылман арабтың емес, мумин қазақтың көзілдірігімен қарауымызға тура келеді. Себебі, ұлтты да жаратқан Алла-Тағала. Сені мен мені де жаратар да Ұлы Жаратушы: «Сендерді қай ұлттан жаратайын?» деп бізден

сұраған емес. Алланың қалауымен біз қазақ болып туылдық. Ендеше, біз-дің қазақтығымызға қарсы шығуымыз — Алланың жаратылысына қарсы шыққанымыз. Олай болса, исламнан бастау алатын қазақ мәдениеті біздің негізгі өлшемдеріміздің бірі болуға тиісті. Аллаға шүкір, атам қазақтың хақ дінге мойынсұнғанына жүздеген жылдардың жүзі болды. Ел ішінде ескі сенімнің сарқыншағы саналар бірлі-жарым бақ-сы-құшынаштар болғанымен, қазақтың исламды қабылдағанына берісі алты-жеті ғасыр, арысы он бір-он екі ғасырға жуықтады. Дегенмен, біздің сыртқы болмысымыз өзге діндес халықтардың бітіміне ұқсай бермейді. Себебі, Ханафия мазхабы бойынша халықтың исламға дейінгі салт-дәстүрлері хақ діннің негіздеріне қайшы келмесе, оны қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде пайдалануға болады. Осыдан да мұсылман халықтарының рухани танымы бір болғанымен, сыртқы пішіні алажаңқалау. Тегінде, көшпенді мәдениеттің өкілі саналатын ата-бабаларымыз исламға теріс келетін әдеттерден біртіндеп арылып, қаз-қаз басып хақ дінге мойынсұнған. Шайбанидтердің Сыр бойындағы қалаларға тартыс-та Қазақ сұлтандарына әлі келмегеннен соң: «Қазақтар мүшрік!» деп шайқы-молдалардың аузынан пәтуа шығартқызып, мұқым мұсылман әле-мін ғазауатқа шақырғанын тарихтан білеміз. Сол кездегі исламның орталықтарынан келген ғұламалардың ата-бабаларымыздың сенімімен һәм салт-дәстүрімен танысқаннан кейін: «Бұлар қазал-хақ екен!» (хақ дінде) деп айтып, содан халқымыздың «қазақ» деген атауы қалыптасқан дейтін көне деректі өз басым құптаймын. Дінтанушылардың айтуына қарағанда, бүгінгі күні исламды қабылдаған қайсы бір ұлт болмасын (тіпті арабтар да), өздерінің ескі әдет-ғұрыптарын толықтай тәрк етпеген. Сондықтан, Хақ-Тағалаға мойынсұнған Мұхаммед (с.а.у)-ның үмбеті қазақ халқының өзге мұсылман халықтарымен жүрегі бір болғанымен, менталитетінде едәуір өзгешелік бар. Демек, біз исламмен ұйысар қойын-қонышы хикметке толы бай мәдениетімізбен тек мақтануы-мыз керек. Осы тұрғыда «Асыл арна» этнографиялық құндылықтарды һәм еліміздің түкпір-түкпірінде орныққан ислами ескерткіштердің тарихынан сыр шертетін бағдарламалар жасаса екен деп ұсыныс айтпақмын. Атам қазақ «моласыз

жер болмайды, мұрасыз ел болмайды

» дейді. Бабалар мұрасын кәдари халімізше

дәріптей білсек, одан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Сонда, «Асыл арнаның» тек бір топтың емес, дүйім жұрттың ынта-ықылас қойып көретін телеарнасына айналатыны сөзсіз.

Екіншіден, «Асыл арна» татулықтың жаршысы болса екен деп тілеймін... Бұрын қазақ руға, жүзге бөлініп, қырық пышақ болушы еді. Бүгінгі қазақ көз көріп, құлақ естімеген түрлі діни ағымдардың жетегінде кетіп, қырық рулы ел емес, қырық конфессиялы елге айналды. Дегенмен, әлһамдуллах, халқымыздың басым көпшілігі ата-бабамыз ұстанған Ханафия мазхабынан әлі ауытқи қойған жоқ. ҚМДБ білгенінен жаңылмай, тура жолды ту етіп ұстап келеді. ҰҚК-де радикальді топтарды дер кезінде ауыздықтап, қоғам қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етуде.

Десек те, исламның атын жамылған бір-бірімен алакөз түрлі топтарға ерік берсең, елді ала-тайдай бүлдіруге дайын тұр. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис- шарифінде сахабаларына: «Намаз оқып, садақа бергеннен де артық қандай қайырлы амал бар?» — деп сұрайды. Сахабалары:

«Алла Елшісі (с.а.у) біледі», — дегенде, Мұхаммед (с.а.у): «Ол қайырлы амал – жарастыру, татуластыру», — деген екен. Демек, татулықты сақтауға атсалысу — дін жолындағы ең сауапты істердің бірі саналады. Татулықты сақтау үшін ақпарат құралдары теріс діни ағымдарды әшкерелеп, Ханафия мазхабының артықшылығын барынша насихаттауы тиіс.

Жалпы, бүгінгі күні жамағаттардың арасында қызыл иек болып тартысатын тақырыптар күннен-күнге қоюланып бара жатыр. Мысалы, әрбір намаз сайын

мешіттерде имамдар: «Фатихадан кейін «Әминді» іштен айтыңыздар!» — деп қанша рет өтінсе де, уаһапшылдар бәрібір «Әмин» деп өңешін жыртады. Әсілі, намазхан тәкбір алғанда: «Ниет еттім Алланың разылығы үшін осы намазды оқуға, имамыма ұйыдым!» — дегеннен кейін, имамға мойынсұнуы міндетті. Ендеше, уаһапшылдардың имамға қарсы келгеніне Алла қалайша разы болады?! «Асыл арна» осы іспетті фитналардың алдын алуға атсалысса екен деп тілейміз. Тегі, неғұрлым халықтың діни сауаты ашылып, бүлікшілердің қатары сиресе, соғұрлым Ханафия мазхабының мерейі үстем болып, татулығымыз арта бермек. Осы бағытта жұмыс істеуге ниет білдірген жанға өз басым өзегімді жарып беруге дайынмын. «Асыл арна» ұжымын да татулықтың ұйытқысы болуға үндегім келеді.

Үшіншіден, «Асыл арна» халықтың иманының кемелденуіне қызмет етсе екен деп тілеймін... Себебі, иманымыз кемеріне келіп толыспайынша, ұлттың ұлы бола алмайтыны баршамызға белгілі. Бұл туралы Хақ Елшісі (с.а.у.) қоштасу құтпасында: «Араб ұлты өзге ұлттардан үстем емес, өзге ұлттар да арабтан үстем емес. Ұлттың ұлылығы Аллаға деген жақындықпен (тақуалықпен) өлшенеді»,— деген болатын. Демек, ұлт рухы иман нәрімен сусындағанда ғана текті елге айнала аламыз. Бірақ, ұлт өздігінен ұлы бола салмайды. Ол үшін біздің ішімізден қара басынан халықтың қамын жоғары қоятын Асан қайғылар мен Абайлар шығуға тиіс. Хақтың разылығы үшін халыққа қызмет ететін жанкешті азаматтар болмайынша, қазіргі қарынның қамын бәрінен жоғары қоятын көштің жүрісі түзелмейді. Бізге, бір қазақтың бөркі қисайса, соған жаны ауыратын, өзі бақытты болуды емес, өзгені бақытты етуге ұмтылатын имандылық керек. Әсілі, ұлттың қамын жеу бұл дүниемен шектелмейді. Нағыз ұлтының қамын жеген зиялы жұртының ақыреттегі қамын жейді. Себебі, бұл дүние шектеулі, ал, о дүние мәңгілік. Хз. Әбу Бәкір: «Уа, Алла, ақырет күні менің денемді сонша үлкейте көр, бүкіл адамзат баласы жаннатқа кіріп, орнына менің денем бүкіл тозақты көмкеріп тұрсын!» — деп дұға етеді екен. Өткен ғасырда өмір сүрген түріктің бір ғұламасы да Құдай-Тағалаға: «Жиырма бес миллион түрік жаннатқа кіріп, олардың орнына мен тозақта жанайын!» — деп жалбарынады екен. Сол сықылды, шын мәніндегі ұлтшыл адам халқын бұл дүниенің қайғысынан ғана емес, о дүниедегі мәңгілік азаптан да құтқару-ға құмбыл тұрады. Задында, діннің ақиқаты балақтың тобықтан төмен немесе жоғары тұруынан, шұлыққа мәсіх тартудан немесе тартпаудан, иекке қаба сақал қоюдан немесе қоймаудан тұрмайды. Шынтуайтында, Хақ дін көңілдің кірі мен татын кетіріп, жүректі Хаққа байлайды. Хаққа байланған көңіл барлық мәселеге хақиқаттың дүрбісі-мен қарайды. Яғни, көңіл айдынын Хақ нұрымен суарғанда ғана адамның хақиқатқа деген махаббаты оянады. Ал, махаббатын Хаққа арнаған жан шын мәнінде өмірдің ақиқатына көз жеткізе алады. Хақ мақамына иек артқан құл сыртқы болмысын өзін-өзі күштеп емес, Алланың разылығы үшін мұнтаздай таза ұстап, ғибадатын ынты-шынтысымен атқарады. Хақтың разылығы үшін халыққа жан-тәнімен қызмет етеді. Олай болса, «Асыл арна» сыртқы пішінді түзеуден бұрын (яғни, ұсақ-түйек істерді емес), халықтың ішкі танымын, руханиятын кемелдендіруге жұмыс жасаса

екен деп тілек білдіремін.

 
Yorum yaz / share.thought
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар