Aralık 09, 2015
 
 
 
 
 
 

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЫРЫҚҚА КӨНЕ МЕ?

«Ақтөбе қаласындағы базарлар мен сауда желілеріндегі негізгі азық-түлік тауарларына бағаның белгіленуі» деген мәселенің бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штаб мәжілісінде қаралуы көп жайды аңғартқандай еді. 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов әуелі мониторинг нәтижелеріне тоқталды. Облыстық статистика департаменті ұсынған деректерге қарағанда, өңірдегі тауарлар мен қызметтерге наурыз айы бойынша тұтынушылық баға индексі 99,4% құраған, бұл республикалық деңгейден 0,8%-ға төмен.

Жалпы алып қарағанда, бағалардың айтарлықтай өзгерісі сезілмейді. Мәселен, жарма тұқымдас азық, ет бағасында аздаған көтерілу білінгенімен, жоғары сортты ұн, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністің бағасында төмен түсушілік орын алды. 

Облыс орталығындағы «Рамазан», «Ақтөбе-нан» және «Атамекен» ЖШС кәсіпорындары тұтастай алғанда тәулігіне 40 тоннадан астам нанды әлеуметтік өнім аумағында шығарып, қаланы толығымен қамтамасыз етеді. 5 пайыздан аспайтын сауда үстемесін қолданудың сақталуы ұдайы бақылауда. 

Сәуір айының алғашқы аптасы кезінде «Әнуар» және «Дина» бөлшек сауда дүкендер желісіне іріктеп мониторинг жүргізілген кезде бұрын жасалған меморандум шарттары сақталып отыратындығы назарға алынды. 

Қазіргі уақытта сауда орындарына картоп, қырыққабат, сәбіз, жуа секілді халық көп тұтынатын өнімдер тұрақтандыру қорынан босатылуда. 41 разъездегі рынокта 1 кг жуаның көтерме бағасы 35-38 теңге құрауда, бүгінгі күні қордың мөлшері 300 тонна шамасын құрайды. 

Соңғы кездері көшпелі жәрмеңке өткізу практикаға енгізіле бастады. Қаланың ескі бөлігінің алты жерінде өткізілген осындай жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының өнімдері, сондай-ақ қалаға қарасты бірсыпыра шаруа қожалықтарының ет-сүт өнімдері тұтынушыларға ұсынылды. 

«Изет гринхаус» ЖШС жылыжайының қызанақтары «Әнуар», «Дина», «МЕТРО» сауда желілері арқылы өткізілуде. 

«Айс» ЖШС-не жасалған мемлекеттік қолдау бойынша алынған шаралар өз нәтижесін беруде. Кәсіпорын осы мүмкіндікті пайдаланып өзінің өнімдеріне бағаны төмендетуде. Ағымдағы айда «ФинПак» пастерленген сүтінің бағасы 20 теңгеге арзандады. Алдағы мамыр айының басында өнім бағасы тағы да азайтылмақшы. 

Сондай-ақ «Саволла Фудс» ЖШС «Лето» күнбағыс майын 0,9%-ға төмендетіп, ол 279 теңге құрады.

Штаб отырысындағы екінші мәселе — «Белгіленбеген жердегі сауданы жою жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы» Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Мақсат Өсербаев баяндады.

Баяндамада айтылғандай, тұрақты жүргізілген рейдтер, басқа да шаралар алу нәтижесінде қазіргі уақытта көше бойларындағы жөнсіз саудаға тиым салынған. Сауда жасаушыларға базарлардан орын бөлінген, қосымша сауда сөрелері ұйымдастырылған. 

... Сонымен, бағаны тұрақтандыру ырыққа көне ме? Бұл сауалдың жауабын алдағы уақытта беретін боламыз.

 
Yorum yaz / share.thought
Экономика  Diğer Başlıklar
Үнемдеу қысқартудан емес, талан-таражды тоқтатудан басталса ...
Кәсіп ашуға ниеті жастар көп
Елбасы «Шүу-у!» десе, алпауыттар аранын аша түспей ме?
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тарифінің шегі бар ма?
«Ерікті кәсіптік зейнетақы жүйесін мәжбүрлі түрге өзгерту керек»
Одаққа кіруден қорықпайық, бірақ кейбір түйткілді мәселелер оң шешілуі тиіс
Жанар-жағармай неге қымбаттайды?
Жантәсілім немесе Брокер мен дилерлерге Г.Марченко неге қиянат жасады?
Жаңа реформа зейнетақы тағдырын шеше ала ма?
«Аспандаған қымбатшылық қарашаның қаһарын туғызады»,— деп назаланған депутат пікіріндегі ащы шындық
Ораз Жандосов: «Қазаншының өз еркі,қайдан құлақ шығарса»
Аграрлық өнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар