«Əлем мен адам жаратылысының ең жоғары мақсаты мен қалауы – Алла тағаланы тану жəне бұл іс басқаларынан жоғары», - деп көрсетеді көптеген сопылық еңбектер. Бірақ бұл ілім басқалай позитивті жəне діни-əлеуметтік ілімдердің білінуімен де тікелей байла-нысты. Жүрек, ғашықтық пен марифат арасында байланыс бар, бұлардың əрқайсысында бірін-бірі толықтыратын қасиет бар. Марифатуллахқа (Алла тағаланы тану) бет түзегенде жəне оған қол жеткізу үшін адам өзін танып білуі керек, одан соң басқа ілімдерді де танып, болмыстың сырын біледі. Шындығында, өзін білген адам болмысты да тани алады. Яғни, адам болмыстағы əрбір нəрсеге мəн беріп ойланып, жаратушы Раббыны тауып алады. Біз денемізді билегеніміздей, Тəңір де болмысты билейді.
Қаншалықты парадоксты десек те, сопылық еңбектер адамды өзін және болмысты тануына итермелейтін бірнеше алғышарттарды мәлімдейді, бұлар: құрметті және ақылды адамдардың құрметтен арылуы, байлардың кедей болуы, дәрігердің ауру болуы. Басқа да көптеген жолдардың бары күмәнсіз. Бірақ бұл жолдардың тікелей Алла тағала іліміне апарар қатыстылығы бары мойындалады.
Дүниеге келген әрбір адам жүрегінде ертеректен білдірілген уахи мөрімен келеді. Бұл тақырыпта дін ғұламаларының барлығы дерлік бір пікірде. Өйткені, Алла тағала дүниені жаратудан бұрын адамзатты алғаш шақырып, жинайды. Бұл жерде өзін олардың Раббысы деп танытады. «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» — деп, бұған өздерін куәгер етті. Олар да «Иә, куәміз» деген (Құран, А‘раф, 172). Бұл адам табиғатының ислам шарттарын қабылдауына қабілетті екендігін көрсетеді. Бұл жол уахимен салыстырғанда ақылдың төмендігін көрсетеді. Таным иесі (ариф) мен ақыл иесі (ғалым) арасындағы айырма көпшілікке кең танымал болған сопылық шығармаларда кеңінен суреттелген. «Ариф үнемі Раббымен бірге, ешбір нәрсе оны Одан айыра алмайды; ол сөйлемеді, сөйлейтін, сырларын атқаратын тек Ол ғана – жердің және көктердің Раббысы. Ариф — өзін толық Раббының шамалауы мен қорғауына берген адам. Жаратылыстан алыстап, Хаққа сыйынады. Пенде нан мен судың арқасында өмір сүрсе, ариф ирфан (Алла тағаланы тану) нұрымен өмір сүреді. Осы арқылы ол Хақты таниды. Марифат оған тыныштық, махаббат таухид нұрының ақиқатын береді. Ғылым — өзен, хикмет — теңіз. Ғалымдар өзендерге тауап етсе, хикмет иелері теңізде жүзеді. Абид (ғибадат жасаушы) тәнін, ал ариф болса, жанын ерітеді.
Ғалымға — әдеп, абидке (ғибадат жасаушы) — қалау, арифке — тақуалық пен Алла тағалаға бағытталған жүрек құмарлығы керек. Арифтың Хақпен қарым-қатынасы ха-лықтың тілектеріне құлақ асу үшін емес, халықпен қарым-қатынасын Хаққа бағыттау үшін болуы мүмкін. Абид ахиретті, ариф Раббыны қалайды; захидтың ғибадаты себепті болса, арифтікі зауықпен (құмармен) болады. Захид нәпсі көзімен халыққа қарап, оның дұшпаны-на айналып мұңайса, ариф Раббымен бірге жаратылғандарға махаббатқа толы көзімен қарап рақаттанады. Жақсы адам тәні-мен халыққа жақын, бірақ көңілі және ахлағымен олардан алыс». Қалай айтсақ та, сопылықта илхам жолымен қол жеткізілген білім кітаптардан алынған білімнен жоғары, алғашқы болып тұрады. Өйткені, илхам жолымен қол жеткізілген білім ішке бағытталған тәжірибе нәтижесінде алынады және ол кітаптардан алынған білімнен жоғары.
Сопы рухани әлемге жоға-рылай алуы үшін, ислам шарттарын орындаудан басқа, көп-теген нәрселерден бас тартуы керек. Психолог мамандар адамда өзін кейбір табиғи қа-жеттіліктерден айыру арқылы психосоматикалық кейбір бел-гілердің пайда болатындығын мойындайды. Әрбір нәрсенің бас-талуы – асқазан, себебі барлық әрекеттер өздерінің биологиялық қайнар көздерін осы жерден алады. Олай болса, тәні мен жанын басқара алу үшін адам аш қалу керек. Әзіреті Пайғамбар да оразаны және қанағаттылық-ты насихаттаған. «Алла тағала сүйіктілері аз жеп, аз сөйлеп және аз ұйықтағанын» айтқан. Аштық пайғамбарлық асы саналып, Хақ жолындағыларды әулие мақамына шығарған.