Халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуін ұсыну арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындығын арттыруды мақсат етті. Сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыруды, сот төрелігін іске асыру процесінде жедел ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етуді, істерді қарау мерзімдерін қысқартуды, сот шешімдерінің орындалуы тиімділігін арттыруды жүктеді. Келер он жылдықта сот жүйесін дамыту арқылы, Елбасымыз айтқандай, құқықтық мемлекет құру жолындағы игі мұраттарға қол жеткізуіміз қажет.
Қазіргі таңда Қазақстанның сот жүйесі тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді. Бұл талайдан бері жүргізіліп келе жатырған пәрменді де жүйелі жұмыстардың, дәлірек айтқанда сот-құқықтық реформалардың нәтижесі. Биліктің бір тармағы саналатын сот саласында елеулі өзгерістердің болып жатқанына, оның тәуелсіз де бейтарап және әділетті төреліктің жүзеге асырыла бастағанына қарапайым жұртшылықтың да көзі жете бастады. Соңғы кезде көпшіліктің батыстың дамыған елдеріндегідей даулы да таласты мәселелерді немесе бұзылған құқығын өркениетті түрде сот арқылы шешуге ұмтылуы осының дәлелі. Бұл халықтың сотқа деген сенімінің артқандығы деуге әбден болады.
XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақ қоғамында дәстүрлі билер соты болды. Қазақ билері елдің тұтастығын, бірлігі мен ынтымағын сақтау жолында, әділдік пен құқықтық принциптерді ұстанып, қазақ елінің саяси жүйесінің қалыптасуына зор үлес қосты. Әділ-дігімен елге танылған қазақтың атақты билері Төле би, Қаз дауысты Қазы¬бек би, Әйтеке билерді атауға болады. Үш жүзге билік жүргізген Би бабаларымыз Тәуке ханның тұсында қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығы – «Жеті жар¬ғыны» қабылдауға ат салысып, хан¬дық биліктің нығаюына күш салды. XVII ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар ретінде дәстүрлі құқықтық қағидаларды сақтай отырып, «Жеті жарғыны» бекітті. Қазақ қоғамының дамуы жолында мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесі «Жеті жарғыда» толық қамтылды. Ұлы жүздің бас биі, билік айтып, заң шығарумен айналысқан. Төле би Қаз да¬уысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, Төле би бабамыз «Жеті жар¬ғыға» сүйеніп, ел ішіндегі дау-жан¬жал¬дар мен саяси маңызы бар мәсе-лелерді әділ шешіп отырған. «Заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәсе¬ле¬лерін барлық жағынан қамтып, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының ба¬рынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды», – деген тарихи жазбалар бар.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің дамуы қазіргі таңда күн санап қарқын алып келеді. Егеменді елімізді дамытудың нақты бағыттарын айқындап берген Жолдауда «сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда» деп көрсетті Елбасы. Ақиқатында, сот жүйесінде әлемдік талаптардың үлгісімен реформалық өзгерістер мен жаңартулар жүзеге асып жатқанына күнделікті жұмысымызда куә болудамыз. Елімізде даулы мәселелер өркениетті түрде, тек сот арқылы шешілуде.
Қазіргі уақытта облысымызда мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, кәмілетке толмағандарға қатысты істерді қарайтын соттар жұмыс істеуде.
Соттың халық алдындағы беделін күшейтуге, халықтың сотқа деген сенімін ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды атқару және Жолдауда көрсетілген талаптарды қолдап, оны орындау – біздің басты міндетіміз деп санаймын.
Мемлекеттің еге¬мендігі мен тұтастығы консти¬туциялық заңнаманы сақтау және оны дұрыс қолдану практикасын жетілдірумен байланысты. Бас құжаттың негізгі принциптері – адам және оның құқықтары мен бостандықтарын сақтау. Ал, сот – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғай¬тын басты институт. Шын мәнін¬де, құқықтық мемлекет құру¬дағы соттың рөлі ерекше. Қазіргі уақытта барлық ел азамат¬та¬рының құқықтары мен бостан¬дықтары, қоғамдық қатынастар, мемле¬кеттің мүдделері сотта қорға-лады. Бұл қатынастардың әділ әрі тиімді қорғалуын қам¬тамасыз ету мақсатында ма-мандандырылған соттардың құрылуы да сондықтан. Бүгінде сот билігі қызметін тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген. Қа¬былданған «Сот жүйесі мен судья¬ларының мәртебесі» туралы заң судьяның тәуелсіздік кепілдіктерін, оның мәртебесіне сай материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қамсыздандыру мүмкіндігін құқықтық тұрғыда реттеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде және сот жүйесін нығайту мақсатында республикада экономикалық, әкімшілік, әске¬ри, кәмелеттік жасқа толма¬ған¬дар, аса ауыр қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттар құ¬рылып, бүгінде сәтті қызмет етуде. Сот практикасына ақ¬параттық технологиялар енгі¬зіліп, судьялық лауазымға іріктеп алу жүйесінде ауқымды ша¬ралар қабылданды. Міне, бұл шаралардың барлығы еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, ел аза¬мат¬тарының құқықтары мен бос¬тандықтарын қорғауға ба¬ғытталған. Болашақта салық, кедендік қатынастардан туындайтын дауларды қарайтын және барлық қалаларда кәмелеттік жасқа толмағандардың маман¬дандырылған соттарын құру қолға алынды.
Биыл ел болып Тәуелсіз¬ді¬гіміздің 22 жылдығын тойла¬мақ¬пыз. Елбасымыз айтқандай, «Бұл – біз үшін мерейтойлық оқиға ғана емес, жетістігімізді де, кемшілігімізді де саралайтын, болашақты бағдарлайтын кез». Бізді мына заманның жаһандық қақтығыстарына қақтырмай, өз елін аман-есен бүтіндеп әкеле жатқан Елбасының кемеңгер саясатын құрметтейміз.