Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 

Амалдар ниеттерге тәуелді

Бір жас жігіт патшаның сұлу қызына ес-түссіз ғашық болады. Күндіз-түні патшаның қызын ойлап, ақылынан алжа-суға шақ қалады. Дертіне ем таба алма-ған жас жігіт бір тақуа дәруіштен ақыл сұрайды.

 

Дәруіш:

— Егер менің айтқанымды бұлжытпай орындасаң, ғашығыңа қол жеткізудің жолын көрсетер едім, —дейді.

— Ағеке, құлың болайын. Айта қойшы, ол қандай жол? Мен не істеуім керек?

— Сен патша сарайының алдында күн-діз-түні жүріп-тұрасың. Жұрт сенен «Не істеп жүрсің?» — деп сұраса, тек қана «Алла, Алла, Алла» деп жауап бересің. Одан басқа ешнәрсе айтпайсың. Осыны істесең, патшаның қызын иелене аласың, — дейді.

Жас жігіт дәруіштің айтқанын екі етпей, патша сарайының алдына келіп, онда күндіз-түні жүріп-тұрады. Жігіттің бейғам жүрісін түсінбеген жұрт: «Не істеп жүрсің?» — деп сұраса, «Алла, Алла, Алла», деп жауап береді. Жұрт не сұраса да, осы жауапты береді.

Лезде ел ішінде патша сарайының ал-дындағы жас жігіт туралы әңгіме желдей еседі. Бұл әңгіме патшаның құлағына да жетеді. Патша жас жігітті өз көзімен көрмек болып, сарайынан шығады. Жігіт-ке жолығып, одан не сұраса да, ол «Алла, Алла, Алла» деп жауап береді. Патша: «Бұл не деген тақуа адам», — деп, оны сарайына алдыртады.

— Жігітім, мен сендей тақуа жанға бір сый жасасам деп отырмын. Менен не қалайсың, соны берейін. Байлық сұрасаң, байлық берейін. Мансап сұрасаң, мансап берейін. Тіпті, қызымды сұрасаң, қызым-ды да берейін, — дейді патша ағынан жарылып.

— Ниетіңізге Алланың нұры жаусын! Маған ештеңе керек емес. Рас, мен сіз-дің қызыңызға ес-түссіз ғашық болдым. Құдайдан күндіз-түні қызыңызды сұрадым. Міне, бүгін сол сұрағаныма да қол жеткізіп отырмын. Бірақ, мен Алладан одан да үлкен нәрсені сұрағанымда, бәлкім, қазіргі тақуалығымнан да биік дәрежеге көтерілер ме едім. Әттең, әттең, амалдар ниеттерге тәуелді, — деп жас жігіт өзінің жаза басқанына қатты өкініш білдіреді.

Иә, біз де ниетімізді Аллаға арнап, «Алла, Алла, Алла» дей берсек, соңында сол Алладан ажырай алмай қалатынымыз анық. Еншеде, «Алла, Алла, Алла» дей беруді Алла пешенемізге жазсын деп тілейік.

 
Yorum yaz / share.thought
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар