Кездесуге «Қазақстан-Zaman» ЖШС бас директоры Ахмет Аляз, «Тұран дуниясы» бірлестігінің жетекшісі, республикалық ұйғыр этномәдени орталығы, қоғамдармен байланыс бөлімінің төрағасы Махпиров Карлин, Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Ингуш-шешен этномәдени орталығы, жастар комитетінің төрағасы Бойсаев Адам, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «АХСКА» Түрік этномәдени орталығы, жастар комитеті төрағасының орынбасары Мелазов Мансур қатарлы құрметті қонақтармен бірге, факультет деканы, оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты.
Өз кезегінде сөз алған «Қазақстан-Zaman» ЖШС бас директоры Ахмет Аляз мырза бүгінгі мемлекеттік тілдің жай-күйіне кеңінен тоқталып, мемлекеттік тілді қолдау бағытында атқарып жүрген жұмыстарымен студенттерді хабардар етті.
Кездесуде сөз сөйлеген қонақтар да мемлекеттік тіл мәртебесінің күннен-күнге биіктеп келе жатқанын тілге тиек етіп, осындай кездесулердің маңызы зор екенін, мемлекеттік тілге құрметті әр азамат өз басынан бастау керектігін шегеледі. Кездесу барысында студенттер қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.