Ekim 15, 2014
 
 
 
 
 
 

ҚАРА УЫЛДЫРЫҚТЫ ҚОЛДАН ДАЙЫНДАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Жыл сайын облыста 10 сәуір мен 31 мамыр аралығында құқықтық органдардың қатысуымен «Бекіре» балық қорғау операциясы кең көлемде өткізіліп келеді.Биылғы жылы да науқан қарқынды басталды,- деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

 

Жақында Атырау облыстық ІІД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен жол полициясы инспекторлары гаражды қара уылдырық дайындайтын шағын цехқа айналдырған заң бұзушыны анықтады. Гараж қаланың Беккалиев атындағы көшеде, үй ауласына орналасыпты. Тексеру барысында қолдан дайындалып, пластмассалық ыдыстарға салынған 16 дана қара уылдырық, едәуір көп мөлшерлі ас тұзы, электондық таразы, уылдырық дайындайтын сүзгіштер, сондай-ақ, 450 дана пластмасса, темір құтылар табылған. Мұнан басқа 100 ден астам кептірілген қаракөз балықтары тәркіленді. Қазіргі уақытта осы тәркіленген уылдырықтың иесі анықталуда, қылмыстық іс көтеру мәселесі шешілуде. 

Науқандық шараның осыған дейінгі аралығында су полициясы қызметкерлері заңды белінен басқандардан 10 тоннадан астам балықты кері қайтарып,140 ау құралдарын жинап алған. Браконьерлерден тәркіленген су маржанының 300 келісі аса бағалы бекіре тұқымдас балықтар. 130 дан астам заң бұзған азаматтар жауапталып, олардың 20 дан астамының үстінен қылмыстық іс қозғалды, 100-і әкімшілік жазаға тартылды. 

 

 
Yorum yaz / share.thought
Ақпарат  Diğer Başlıklar
Ижманы қабыл етпеу адасушылыққа апарады
Болашақ кадрлар «болашақтықтардан» даярланбақ
«Қазына күзетшісі» — жылан жылының әз Наурыз мерекесі «АвтоГазАлматы» мекемесінде дүркіреп өтті
Көркем аудармадан құр алақан емеспіз
Қытай қазақтары “Twitter” әлеуметтік желісінің баламасын жасады
Тоғыз күн тойланған әз-Наурыз
Қырғыздар орыс тілін омақастырды
Кедендік одақ аман болса, Ресей халал өнімдері бізге де жетпек
«Құрсағыңда үшем барын білгенде, келген жағыңа кете бермедің бе?»
Жер жәннатын көргің келсе, Мұғлаға кел
Әмбебап журналистикаға тықыр таянды,ал кәсіби журналистикаға қаржы жете ме?
Иран иілмейтін емен бе?
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар