80 мемлекеттен келген 630-ға жуық Бас мүфти, Ислам ғұламалары, дін жанашырлары, қоғам қайраткерлері «Біртұтас жол картасы: Ижма және ортақ сана» атты тақырып аясында сүбелі ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Жиында жалпы адамзаттың бүгінде бетпе-бет келіп отырған мәселесінің бірегей шешімі ретінде достық пен бейбітшілік ұсынылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы-ұлы симпозиум жұмысына қатысып, баяндама жасады.
«...Бүгінгі жиынға арқау болып отырған шариғатымыздың үкім шығаруда қабыл етілген әдісі – «Ижма». Ислам құқықшыларының басым көп-шілігі ижманы шариғатта дәлел ретінде қабылдайды және оны Құран мен сүннеттен кейінгі орынға қояды. Ижманың дәлелдік негіздері Құран мен сүннет болғандықтан, оны қабыл етпеу адасушылыққа апарары анық», – деді Бас мүфти. Бүгінгі қазақ қоғамындағы жастардың көбі ғалым имам-дардың артынан емес, радикал имамдардың соңынан ілесіп бара жатқандығы қатты алаңдатады. Ғылымсыз діннің радикализмге апаратынын көзі ашық деп жүрген азаматтардың түсінбеуі таңғалдырады.